Украина мен Ресей арасындағы шиеленіс әлі де тарқамай тұр. Бірқатар мемлекет Украинаға әскери, гуманитарлық көмек жіберіп жатыр. Massaget.kz тілшісі Украинадағы кейінгі жағдайларға шолу жасады.
16-көмек: АҚШ-тан заманауи зымырын жүйесі жіберіледі
Украинаға арналған америкалық келесі әскери көмек пакеті 700 миллион долларға бағаланады. Сонымен қатар, HIMARS реактив өрт жүйелері мен олардың оқ-дәрілері де қамтылады. Бұл туралы Ақ үйдегі АҚШ ҰҚК стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби айтты.
"Осы аптаның соңында президент Джо Байден әкімшілігі Украинаға арналған қару-жарақ пен техниканың келесі пакетін жариялайды. Бұл Президент қызметке кіріскен сәттен бастап Украинаны қолдауға арналған он алтыншы көмек пакеті болады. Онда украиналықтар тиімді қолданатын HIMARS жоғары мобильді заманауи зымыран жүйелері болады", - деді Кирби.
Қоқыс жәшігі өртенді: Одесса ауданына зымыран соққысы тиді
Ресей әскері Одесса маңындағы елді мекенге зымыран соққысын жасады. Одесса аудандық мемлекеттік әкімшілігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
"Жау зымыранының соққысы нәтижесінде қоқыс пен ескі қойма өртеніп кетті. ТЖМЖ күштері өртті ауыздықтады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Биліктегі ауыс-түйіс: Зеленский не дейді?
Президент Владимир Зеленский Украинаның қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары Владимир Горбенконы қызметінен босатып, бірнеше облыстық басқарма басшысын ауыстырды. Сонымен қатар, Зеленскийдің айтуынша, Украина мемлекетінің күштік вертикалын жаңарту жалғасып жатыр.
Аймақ басшылары жұмыстан босатылды
Жарлыққа сәйкес, Сумы, Днепропетровск, Закарпатия, Житомир және Полтава басшылары жұмыстан кетті.
"Украинаның Закарпат, Полтава, Сумы, Днепропетровск және Харьков облыстарында қауіпсіздік қызметінің облыстық басқармаларының жаңа басшылары тағайындалды. Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасарларының бірі жұмыстан шығарылды", - деді Зеленский.
Батыстан дәлдігі жоғары зымыран жүйелерін жеткізуді арттыру сұралды
Киев NASAMS зенит-зымыран кешендерін және алыс қашықтағы зымырандардың жеткізілуін күтіп отыр. Бұл туралы Украина Қорғаныс министрлігінің басшысы Алексей Резников Атлантика кеңесі конференциясында айтты.
Байден Зеленскаяға гүл шоғын табыстады
Украинаның бірінші ханымы Елена Зеленскаяны Ақ үйде АҚШ президенті Джо Байден мен оның әйелі Джил Байден қарсы алды. Зеленскийдің өзі сәрсенбіде Конгресс алдында сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр. Байден Украинаның бірінші ханымына үлкен гүл шоғын берді, ал президенттің әйелі оны құшақтап қарсы алды.
Ақ үй мәліметінше, келіссөздер кезінде Зеленская мен Байден АҚШ-тың Украинаны қолдауын талқылауды жоспарлап отыр.
Путин Украинадан астық экспорттау шартын айтты
Ресей президенті Владимир Путин ресейлік ауылшаруашылық өнімдерінен экспорт шектеулері алып тасталса, Украина астығын экспорттауға ықпал етуге дайын екенін мәлімдеді.