Алматы әкімі Бауыржан Байбек және Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Almaty Bike велопрокат жүйесін сынақтан өткізді.
Бүгін Алматы әкімдігінде Almaty Bike велопрокат жүйесін іске қосу туралы меморандумға қол қою рәсімі өтіп жатыр.
Осыған дейін Алматыда 2020 жылға дейін 100 велотұрақ пайда болады деп жоспарланған болатын. Бұл мақсаттар Бауыржан Байбек ұсынған "Алматы даму бағдарламасы-2020"-да айтылған еді.
Astana Bike жобасын 2014 жылы "Самұрық-Қазына" қоры іске қосқан болатын. Мұндай жоба Шымкентте де ашылмақшы.
Дереккөз: tengrinews.kz