Белгілі кино және театр актрисасы Гүлжамал Қазақбаева өмірден өткен жолдасымен қалай танысқаны туралы "Алғашқы" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса күйеуі Мырзагелдімен абитурент кезде таныстық.
"Бір күні консультациядан қыздармен шығып бара жатсақ, біздің жігіттер есік алдына тұр екен. Қыздар кетіп бара жатқанда, жігіттердің арасында "кім қай қызды ұнатады?" деген әңгіме сөз болыпты. Күйеуім сол кезде "ана қызды шығарып саламын" деп мені көрсетіпті. Аялдамаға келсем, күйеуім тұр. "Қай автобусқа мінесіз?", "Қайда барасыз?" деп мені әңгімеге тартты. Сосын қолымдағы дәптерімді алып алды да, бермей қойды. Дәптерді апарып, жігіттерге "шығарып салдым" деп көрсеткен екен. Содан бастап кездесе бастадық", - деді ол.
Оның айтуынша, күйеуі курстағы ең сымбатты, ақылды, талантты жігіт болған.
"Қыздардың бәрі Мырзагелдіге ғашық еді. Қаншама сұлу қыздар болды, бірақ ол маған сөз салды. Сөйтіп, үйлендік. Ұлымыз бен қызымыз дүниеге келді. Бірге алты жыл өмір сүрдік. "Баянсыз бақ" деген сол шығар. 25 жасымда жалғыз қалдым", - деді ол.
Актриса күйеуі өмірден өткен соң қайта тұрмысқа шығуды ойламаған.
"Сезімін білдірген серілер болған жоқ деп айтсам, өтірік болар еді. Бірақ мен екі балаға өз әкесіндей болмайды деп ойладым. Оларды жәутеңдетіп, қалай бақытты боламын деп, бұл тақырыпты жауып қойдым. Серігім де, махаббатым да - балаларым мен сахна болды", - деді Гүлжамал Қазақбаева.
Еске салайық, бұған дейін "Тұрмысқа шығуға рұқсат бермедім". Белгілі актриса 13 жыл көрмеген қызымен кездескені туралы жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ұшақта неге телефонды өшіріп қою керек?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!