Баянауыл ұлттық паркі аумағында өрт тіркелді

Баянауыл ұлттық паркі аумағында өрт тіркелді
Фото: gov.kz

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі өрт туралы мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәліметінше, 14 қыркүйекте сағат 11:58-де Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында, Баянауыл МҰТП-мен шекаралас аумақта құрғақ шөп өртенген.

"Сағат 20:40-та өрт ұлттық парк аумағына өтті. Өрт Далба бөлімшесінің 16-орамы, 5-бөлімінде тіркелді. 24 және 28-орамдардағы бірқатар бөлімге таралу қаупі болды", - деп жазылған хабарламада.

Өртті сөндіруге Баянауыл МҰТП, "Ертіс Орманы" резерваты, ТЖ қызметі, Екібастұз қаласы мен Майқайың кентінің күштері, сондай-ақ, Павлодар облыстық орман инспекциясының қызметкерлері, арнайы техникасы жұмылдырылған.

Әуеден бақылауға патрульдік тікұшақ пен 2 десантшы тартылған. Қазір өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай бақылауда.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget