- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Баянауыл табиғи паркі...
Баянауыл табиғи паркі аумағында құрғақ шөп өртенді
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында құрғақ шөптер мен бұталар өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
7 шілдеде сағат 12.50-де Павлодар облысы Баянауыл ауданының Жаңатілек ауылынан 3 шақырым қашықта Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (Долбина орманшылығы, № 60 квартал) аумағында құрғақ шөптер мен бұталардың жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрттің болжамды ауданы 548 гектар болады (орман жамылғысы емес). Өрт сағат 19.00-де оқшауланып, сағат 19-34-те толық сөндірілді.
Өртті сөндіруге орман шаруашылығының, Павлодар облысының ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, ерікті өртке қарсы құралымдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Павлодар облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова