“Баян ой салып қойды“. Жазира Байырбекова тағы да бөпелі болғысы келе ме?

Әнші Жазира Байырбекова жақында ана атанған Баян Мақсатқызының оқиғасынан кейін тағы да сәбилі болуды ойға алғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы ол "Мамский әңгіме" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

Жазира Байырбекова бөпелі болу туралы жоспарлағанын, алайда артынша ойынан айнығанын айтты. 

"Баянның оқиғасынан кейін көп әйел жан-жаққа хабарласып, сұрастырып, балалы болсам деп мамандар іздестірген екен. Тіпті мен де сұрастырдым. Тағы да балалы болсақ қалай болады дедім. Сөйтсем, мамандар болады деді. Бірақ ары ойладым, бері ойладым: қазір жасымыз 46-да, баламыз тұрмысқа шығатын болса тіпті 70-ке келеді екенбіз. Сонда бізді ата-әже дей ме, папа-мама дей ме деп ойладым. Өзімізді ғана ойлай бермей, баланың да жағдайын ойлау керек шығар деп, тоқтадым", - деп жауап берді ол журналист Айнұр Ілиясоваға. 

Жазира Байырбекова - Қазақстанның танымал әншісі, өнер иесі. Ол қазақтың дәстүрлі музыкасын заманауи әуендермен үйлестіріп, ұлттық мәдениетімізді насихаттауда үлкен үлес қосып жүрген тұлға. Жазира көпшілікке жарымен бірге құрған "Жанболат пен Жазира" дуэті арқылы кеңінен танылды. Жұлдызды жұптың Қазыбек, Дара есімді ұлы мен қызы бар. Жазира тұңғыш ұлынан кейін 22 жылдан соң сәби сүйді. 

Еске салайық, бұған дейін Жазира Байырбекованың келіндік өмірінің алғашқы жылдары көрген қиындықтары туралы жазған едік. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылы ңыз