Белгілі продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсынғали Алагөзов Шымкент сыра зауытының жаңа құрылтайшысы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Shishkin like телеграм арнасы хабарлады.
Сыра зауыты әр жылдарда Тимур Жаңабаевқа, "АТФ Банк" АҚ-ға және сотталып кеткен Тоқтар Төлешовке тиесілі болды. 2016 жылы Тоқтар Төлешовтың мүлкі тәркіленіп, 21 жылға бас бостандығынан айырылды.
Шымкенттің "Сыра королі" Тоқтар Төлешовтен мемлекет пайдасына 1 млрд 215 млн теңге өндірілді.
Айта кетейік, Тоқтар Төлешов трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құрғаны үшін және билікті басып алуға шақырғаны үшін кінәлі деп танылған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!