- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Баян Мақсатқызы
Баян Мақсатқызының күйеуі Алматыда жаңа кәсіп бастады
Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсен Алагөзов тағы бір зауыттың құрылысына кірісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы танымал продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Продюсердің айтуынша, кәсіпкер алкогольсіз сусын шығаратын зауыт салып жатыр екен.
"Менің күйеуім Шымкент сыра зауытын толығымен жаңғыртып жатыр. Ал тағы бір зауыттың құрылысы Алматыда жүріп жатыр. Онда алкогольсіз сусындар шығарылады. Осының барлығы бір мезетте іске асырылып жатыр. Менің жолдасым - талантты кәсіпкер", - деп жазды ол желіде.
Еске салайық, жақында Тұрсен Алагөзов Шымкент сыра зауытын 12 миллиард теңгеге қарызымен бірге сатып алып, қайта іске қосайын деп жатқанын мәлімдеген болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева