Төрт қыздың анасы, танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы ұлды болғысы келгенін, бірақ бұл арманы орындалмағанын жеткізді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы қызы Айсәуле Бақытбекке "Сырласу" бағдарламасында берген сұхбатында айтып берді.
Баян Мақсатқызы күйеуінің ұсынысымен Салтанат Берденқызының көмегіне жүгінгені туралы айтқан еді. Алайда алғашында жасалған ЭКО бірнеше рет сәтсіз аяқталған екен.
Алғашқы ұрықтандыру кезінде де, екінші талпыныста да Баян Мақсатқызы сәбиінің ұл бала болғанын қалаған екен. Алайда бәрі жоспарлағандай, күткендей болмапты.
"Менің екі қызым бар ғой. Сондықтан менің Салтанатқа барғандағы ойым – ұл баланың анасы болу еді. Ұл балаға қарау, ұл баланың анасы атану сезімін басымнан өткеріп көргім келді. Мұның ұрпақ жалғастыру, жеті атасын толықтыру деген нәрселерге қатысы жоқ. Жай өмірімде бір өзгешілік болғанын қаладым”, – деді Баян Алагөзова.
Еске салайық, осы сұхбатында жақында екі қыздың анасы атанған танымал продюсер Баян Мақсатқызы әлі де болса өмірге сәби әкелуі мүмкін екенін айтты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!