Танымал продюсер Баян Мақсатқызы сүйінші жаңалығын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында: "Үкімет менің үнімді естіді", - деп жазба жариялады.
Продюсердің айтуынша, ол көптен бері көшедегі жолдың сапасы мен жол жөндеу жұмыстары туралы шағым жасап жүрген екен. Жол жөндеумен айналысып жатқан адамдар мен арнайы қызметтік көліктің видеосын бөліскен ол қуанышын жеткізді.
"Маған қалада жиі серуендеу керек сияқты ғой. Тағы қай көшемен жүріп өтсем екен?", - деп жазды Баян Мақсатқызы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!