Кәсіпкер Тұрсен Алагөзов Динара Сатжанға берген сұхбатында Шымкенттегі сыра зауытын аралап, қалай дайындалатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Баян Мақсатқызы сыра ішуіне тыйым салған.
"Бұл кәсіп мен үшін жауапкершілік. Оны түсінемін. Өзіммен күрес деп айтар едім. Бұл мен үшін жаңа тәжірибе. Маған энергия береді. Жалпы сыраны тұтынушыларымыздың сұранысына, талабына сай дайындаймыз. Баян Мақсатқызы сыра ішуге тыйым салған. Бизнес үшін дегустация жасап көрейік. Қараңызшы, қандай керемет иіс шығып тұр. Тура нанның иісі...Болашақта алкогольсіз сыра жасау ойда бар. Бірақ ол алкогольді сыраға қарағанда қымбат болады",- деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!