Танымал продюсер Баян Алагөзова күйеуі Тұрсен Алагөзовпен ата-ана ретінде қандай күйде жүргендері жайлы бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы ол DIN DINA SHOW-ға берген сұхбатында айтты.
Жақында ата-ана атанған Алагөзовтер отбасы өмірлерінде үлкен өзгеріс болғанын айтты. Баян Мақсатқызы әсіресе күйеуі Тұрсеннің гипер-әке екенін жеткізді.
"Тұрсен ғажап әке. Қазір декреттік демалыста отыр. Ол тіпті үйден шықпайды. Алғашқы 15 күн мүлдем үйден шықпай қойды. Ал мен екінші күн киноға түсіп кеттім. Менің амалым болмады. Ол үнемі қорған болғысы келеді. Барлық әкелік қасиеттерін көрсетіп жатыр. Біресе әңгіме айтады, біресе басқасы. "Олар менің әкесі екенімді білуі керек, иісімді, дауысымды тануы керек" деген уайыммен жүреді", - дейді Алагөзова.
Баян Мақсатқызы жарының гипержауапкершілікті әке екенін, тіпті қыздарын қатты шайқап ұйықтатқан күтушіні жұмыстан шығарып жібергенін айтты.
"Ол әлі маска тағып жүр. Маскасыз жүрсең олар сені танымай қалады деп қалжыңдап қоямын. Үйде кішкентай монитор бар. Сол жерде қыздарымыздың бөлмесі көрініп тұрады. Түні бойы соларға қарап жатады. Гипержауапкершілікті адам. Ол тіпті қызымызды бесікте қатты шайқаған күтушіні жұмыстан шығарып жіберді", - деді ол Дина Төлепбергенге.
Ал ана ретінде қандай сезімде жүргені жайлы былайша жауап берді.
"Менің 20 жыл үзіліспен ана болмағаным сезілмейді де. Осы уақытқа дейін екі рет ана атанғанымда не сезінсем, дәл сол күйдемін. Бұл шынайы бақыт, шынайы ана бақытты. Жұмыстан келген уақытымды балаларға арнаймын. Анасының иісін танып алған. Келген уақытымда менің қолға алғанымды қалап, жылап бастайды", - деп жауап берді Баян Алагөзова.
Еске салайық, Баян Алагөзова тамыз айында ана атанғанын хабарлаған еді. Кейін 15 күннен кейін тағы бір қуанышымен бөлісті. Ол қыздарына Алиса және Алма деген есім берді. Суррогат ананың көмегіне жүгінген Алагөзовтер отбасы қанша қаржы төлегендерін айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!