Танымал продюсер Баян Мақсатқызы сотта жеңіліп қалған журналистің кешірім сұрағанын күтіп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Дана Орманбаевамен екі рет соттасып, екеуінде де жеңіске жеткен.
Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде ақпарат таратқанда мұндай жағдайлар болып тұратынын да айтты.
"Кей адамдар үшін әлеуметтік желі ақпаратпен ойнайтын алаңға айналған. Сондықтан мұндай нәрселердің болуы қалыпты жағдай. Мен үшін соттасу, адвокат жалдау - уақытымды шығындайтын артық дүниелер. Біреу біреудің шекарасына кірмесе болғаны. Ал сотта жеңіліп қалған адам менен кешірім сұрайды деп күтемін", - деді ол.
Еске салайық, алғашқы сот отырысында Баян Мақсатқызы журналист Дана Орманбаеваны сотта жеңіп шыққанда сот "журналист шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратты" деген үкім шығарған болатын. Үкім бойынша журналист деректерді жоққа шығаруға міндеттелді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!