Продюсер Баян Мақсатқызы өзін жек көретін адамдарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Продюсер хейтерлеріне жазба жариялады.
"Сіздер (хейтерлер-еск.) туғанымдай болып кеттіңіздер, сіздермен бірге өмір сүріп келе жатқаныма көп болғаны соншалық, ендігі "күміс той" жасауға болады. Сіздер әйелдің жақсы көрмейтін күйеуі секілдісіздер, тастап кетуге аяйсың, шыдауға да болады. Әдетке айналып кетеді екен.
Сондықтан жазыңыздар, ұрсыңыздар, айтпақшы хейт ағылшын тілінен аударғанда - жек көру деп аударылады, бұл менің ең жек көретін сөзім, өте сирек қолданамын. Жалпы менің "құрамымда" махаббат, аяушылық білдіру және жасампаздық бар. (...) Мен сіздерді (хейтерлерді-еск.) жақсы көремін", - дейді продюсер.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз