- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Баян Мақсатқызы оранған...
Баян Мақсатқызы оранған қыздар тақырыбына қатысты пікір білдірді
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы орамал таққан аруларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі әлеуметтік желіде әркімнің таңдауын құрметтеуге шақырған.
"Мойындаймын, мұндай киімде фильм түсірілімі кезінде өзімді ыңғайсыз сезіндім. Басым, құлағым ауырды, денемді босатып, терең демалғым келді. Маған әлі де еркін стиль және қысқа белдемше ыңғайлы. Әлеуметтік желілерде оранған қыздар үн қатып, құқықтарына нұқсан келді және т.б. екенін айтты. Мен Исламның танымал болуына және киімнің мұндай түрлеріне байланысты қыздардың құқықтары мен бостандықтары шектеле бастағанын айтқым келеді, енді қысқа белдемше азғындықтың символы саналады және көптеген адам шынымен де солай ойлайды. Мен жай ғана бітімге келуді және бір-біріне құрметпен қарауды, әркімнің таңдауын құрметтеуді ұсынамын. Мен тыйым салудың кез келген түріне қарсымын. Оранғыңыз келе ме? Ораныңыз. Бірақ бізге қалай дұрыс екенін үйретпеңіздер. Қолдайтындар мен қолдамайтындар үшін үлкен алшақтық пайда болды. Түптеп келгенде бәріміз Қазақстанда, ортақ аспан мен ту астында өмір сүріп жатырмыз. Таяқтың екі ұшы бар және ешкім не дұрыс, не бұрыс екенін білмейді, біз жай адамдармыз. Біз Конституция бойынша өмір сүріп жатқанымызды еске салғым келеді, яғни діни нормалар емес, азаматтық құқықтар бірінші кезекте сақталатын зайырлы елде, бірақ бұл дінді алып тастау дегенді білдірмейді. Бұл зайырлы қоғам мен дін әрқашан қатар жүретінін көрсетеді. Қоғамды өзара сыйластық пен төзімділікке шақырамын", - деді продюсер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін танымал тележүргізуші Динара Сәтжан хиджабқа қатысты ойын білдірген болатын.
"Өз басым дәстүрлі қазақы исламды қолдаймын. Жұма күні - шелпек. Құран бейіттің басында. Қырқынан шығару және тұсау кесер. Біздің өз мәдениетіміз бен дәстүріміз бар. Кейінгі ұрпаққа жеткізетін тарихымыз бар. Санаулы онжылдықтар, тіпті жылдардан кейін қазақ қыздары қара хиджаб киіп жүрсе ше?! Қалайтынымыз сол ма? Сондықтан бұл мәселені көтергім келіп отыр. Себебі блогерлерге хиджаб кию үшін қомақты ақша ұсынылғанын естідім. Бұл мені қорқытады", - деп жазған еді ол парақшасында.
Оның бұл мәлімдемесі қоғамда дау туғызды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова