Жақында төртінші қызын құшағына алған танымал продюсер Баян Алагөзованы тұңғыш қызы перзентханадан шығарып алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
"Анасын перзентханадан шығарып алу әркімге бұйырмайды. Алмуша, біздің көңілді, ұйымшыл отбасымызға қош келдің!" - деп жазды ол анасын перзентханадан шығарып алған суретін жариялап.
Баян Мақсатқызы да өз кезегінде өмірге жаңа келген төртінші қызымен түскен суретін салды.
"Тілектеріңіз үшін көп рақмет! Мен енді көпбалалы анамын және өте бақыттымын!", - деп жазды Баян Алагөзова.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!