- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Баян Мақсатқызы: “Ешқашан...
Баян Мақсатқызы: “Ешқашан ақылсыз ана болған емеспін!“
Жақында ғана төрт қыздың анасы атанған танымал продюсер Баян Алагөзова өзінің аналық міндетін қызметпен қалай қатар алып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында осы тақырыпқа қатысты көлемді жазба жариялады.
"Менен 50 жаста ана болу қандай екен деп жиі сұрайды. Бір қызық нәрсе айтайын: менің қолым мен денем барлығын сезеді, бәрі есімде. Шомылдыру, сәбиді ұстау, тыныштандыру, массаж жасау. Сәбидің иісі қандай?! Көңіл күйім де өте көтеріңкі. Айтатын әндерім де бұрынғыша. Мен ешқашан ақылсыз ана болған емеспін. Ешқашан баламен үйде отырған емеспін. Үлкенім туғанда екі айлық баламен жұмысқа бардым. Айарудың туғанына 20 күн болғанда теледидарда хабар жүргіздім. Алиса дүниеге келгенде жаңа фильм бастадым. Алма туғанда ол жобамды аяқтап, жаңасын бастап жатқан едім. Балаларым – менің өмірім. Өзімді 35 жаста қалып кеткен Баян сезінемін. Өзімнің жасымды мүлдем сезбеймін. Шаршағанымды да байқамаймын. Мүмкін аздап ақылды болған шығармын", - деді ол жазбасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Баян Алагөзова бұған дейін де бірнеше рет оның аналық міндеті туралы айтып, кеңес берген, керексіз жерде ақыл айтқан оқырмандарына жауап берген болатын.
Еске салайық, бір жылда екі қызды болған продюсер "Мен енді көпбалалы анамын және бақыттымын" деген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева