Баян Мақсатқызына фильмге түсуге оннан астам ұсыныс түскен. Актриса ретінде оның біреуін ғана амалсыздан қабылдапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Баян Алагөзова бұл туралы "КиноПодкаст" YouTube жобасына берген сұқбатында айтты.
Алагөзоваға осы жылы киноға түсу бойынша 10 ұсыныс келіпті. Ол тек "Көке" фильмінің шақыртуын қабыл алған.
"Ұсынысын қабылдауыма бірінші себеп - Айгүл Иманбаева менің жан досым. "Көке" фильмінің түсіріліміне үш күн қалғанда "Срочно, құтқар, маған сенің көмегің керек,"- деп хабарласты", - едп мән-жайды түсіндірді ол сұқбат барысында.
Айгүл Иманбаева Баян Мақсатқызын фильмге түсіруге көндіру үшін "Мен саған қажет кезде ешқашан жоқ демедім," - деп, құрбысын жанды жерінен ұстаған екен. Баян Мақсатқызында ұсынысты қабылдаудан басқа амал болмапты.
"Алғашында үш күн жұмыс жасауға келіскен мені режиссер Асылжан (ред.Айгүл Иманбаеваның ұлы) сегіз күн түсуге көндірді", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!