Баян Мақсатқызы Аша Матайды жаңа кәсібімен құттықтады

Баян Мақсатқызы Аша Матайды жаңа кәсібімен құттықтады
Фото: instagram.com/asha_matai/

Танымал продюсер Баян Алагөзова әнші Аша Матайды жаңа кәсіп бастауымен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін сұлулық салонын ашып, жеке кәсібін жүргізіп отырған әнші Аша Матай енді кофе мен тәттілер сататын орын ашқан. Бұл туралы Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

"Қалада Аша Матайдың басқаруымен жаңа кофейня ашылды. Бұл жерге сұлулық салонына келіп, ән айтып, вокалға қатысып, би билеп, артынша кофе ішіп, тәтті жеуге болады. Қане, Аша өзің айтып берші", - деді Баян Мақсатқызы. 

Аша Матай болса, "күндеріңіз сәтті өтсін деп Satti деген атаумен кофейня аштық. Бізде бәрі балғын, жаңа піскен тәттілеріміз бар" деп, жаңа кәсібінің жарнамасын жасады. 

Еске салайық, биыл жазда Аша Матай жеке сұлулық салонын ашқан болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева