- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Баян Мақсатқызы аптап...
Баян Мақсатқызы аптап ыстық далада Тұңғышбай Жаманқұловқа сәлем берді
Фото:
әлеуметтік желідегі суреттерден коллаж
Танымал продюсер әрі актриса Баян Мақсатқызы аптап ыстықта түсірілім алаңында актер Тұңғышбай Жаманқұловқа сәлем берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Баян Мақсатқызы қазір "Көке" атты комедияда басты рөлдердің бірін сомдайды. Жақында актриса әлеуметтік желіде түсірілім алаңынан видео жариялады.
"Бәріне сәлем. Мен бүгін күні бойы түсірілім алаңындамын. Бүгін қайғылы комедия көрінісі түсіріліп жатыр. Мына жақта Тұңғышбай аға. Қазір ол кісіге сәлем беруім керек. Сыртта шамамен 35 градус ыстық, күн шақырайып тұр, ал біз жұмыстамыз. Кино осылай түсіріледі. Алаңда 500 адам жұмыс істейді, ал кадрда бар болғаны екі адам", - деді Баян Мақсатқызы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева