Баян Мақсатқызы әнші Жанар Дұғалова туралы күтпеген пікір айтты

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әнші Жанар Дұғалова туралы күтпеген пікір айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Баян Мақсатқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әнші туралы ойын жариялады. 

"Бүгін дыбыс жазу студиясында Жанар Дұғалованың біздің әлем жұлдызымен жаңа туындымызға жазған үш әнін тыңдадым. Мен оған қарап, қалай осыншама талантты болуға болады деп ойладым. Жаратушы сараңдық танытпай, оған ерекше қасиет берген. Мен онымен бір кездері бірге жұмыс істегеніме қатты қуаныштымын. Біз оған сендік, ал ол Бағым екеумізге сенді. Міне, бүгін бір тарихи сәтке куә болдық және бұл ұлы дүниенің тууы жаһандық нәрсені өмірге әкелуі мүмкін! Мен келесі шығармашылық ғажайыпты күтемін және ол міндетті түрде болады!", - деп жазды танымал продюсер. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!