Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы жақында өмірге келген екі қызына фотосессия ұйымдастырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Алиса мен Алманың суреттерін жариялады.
Отбасылық фотосессия ұйымдастыруға Алисаның 3 айға толғаны себеп болған.
Тұрсен Алагөзов пен Баян Алагөзова сәбиге әдемі көйлек кигізіп, қасына "Алисаға 3 ай" деген жазуы бар бенто-торт қойды. Сәбиге мерекелік "Happy Birthday" қалпағын кигізуді де ұмытпады.
Фотосессияға жұлдызды жұптың ең кіші қызы Алма да қатысты. Ол қызыл раушан гүлдерімен безендірілген көйлек киді, қолына сыйлық пен жүрек тәрізді әуе шарын ұстатқан.
"Ренжіп қалмасын деп Алмусяны да суретке түсірдік", - деп жазды Баян Мақсатқызы.
Айта кетейік, жақында ғана төрт қыздың анасы атанған танымал продюсер Баян Алагөзова өзінің аналық міндетін қызметпен қалай қатар алып жүргені туралы айтқан еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!