Баян Мақсатқызы: “10 жылдан кейін тағы бала туғым келетін шығар“

Баян Мақсатқызы: “10 жылдан кейін тағы бала туғым келетін шығар“
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Жақында екі қыздың анасы атанған танымал продюсер Баян Мақсатқызы әлі де болса өмірге сәби әкелуі мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол өзінің қызы Айсәуле Бақытбекке сұхбат берді. 

"Мен өзімнің 30 жасым мен 50 жасымның арасынан ешқандай айырмашылық көрмеймін. Белгілі бір шеңбер ішінде ғана ойлайтын адамдарға айтарым – мұның бәрі сіздің басыңыздағы ойлар. Сіздің барлық кәрілігіңіз – басыңыздағы ойда ғана. "Осы жаста қалай бала табады екен" дегенге ұялмаймын. "Ұят қой, мынау" дейді. Бәлкім, мұндай ойлар маған мүлде жат шығар. Білмеймін, маған ұят емес. Қаласам, 60 жасымда бала таба аламын. Бәлкім, екі емес, 10 жылдан кейін тағы бала тапқым келетін шығар?! Неге таппасқа? Денсаулығыңды күт, психологиялық жағдайыңды бақыла! Тар шеңберде ойлайтын болсам, бәлкім, сен менен сұхбат алып отырмас едің", – деді ол қызына.  

Айта кетейік, жақында Баян Мақсатқызы көпбалалы ана атанып, отбасы Алиса мен Алма есімді екі қызбен толықты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева