Баян Алагөзованың қызы “Қазақ аруындағы“ әділетсіздік туралы айтты

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының қызы Айсәуле Бақытбек "Қазақ аруы-2024" байқауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде "Қазақ аруы-2024" байқауы әділ өтпегені туралы пікір көп таралды. Айсәуле Бақытбектен де әлеуметтік желідегі оқырманы "Қазақ аруы-2024" байқауының қаншалықты шынайы өткені туралы сұрады.

Баян Мақсатқызының қызы бұл сұраққа былай жауап берді.

"100 мың адам дауыс берді. Менің ойымша, таза жеңіс деген сөз. Жеңімпазды әділетсіз таңдаудың еш қажеті жоқ қой. Байқауды менің анам ұйымдастырды. Ал ол жеке басының мақсаты үшін ұйымдастыратындай ешкімнің "апасы-көкесі" емес. Жеңімпаз қыздың біздің отбасымызға ешқандай жақындығы жоқ. Өзім кеше бірінші рет көрдім, басқа қатысушы қыздармен бірге кездестім. Анама байқаудағы жеңіс үшін ақшаның қажеті жоқ. Осыдан өздеріңіз қорытынды шығарсаңыздар болады".

Еске салайық, кеше жыл сайын ұйымдастырылатын "Қазақ аруы-2024" байқауының биылғы жеңімпазы белгілі болды. Қызылордалық ару Ақкербез Ысқаққызы "Қазақ аруы-2024" байқауында топ жарды. Айта кетейік, ол "Сыр аруы-2024" байқауының да жеңімпазы. 

Марапаттау барысында қазақстандық дизайнер Аида Қауменова жеңімпазға жаңа топтамасынан арнайы шапан жапты.

Алайда "Қазақ аруы-2024" байқауының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында желі қолданушылары байқаудың әділ өтпегенін жазып жатыр. Желі қолданушыларының пікірлеріне қарағанда қатысушыларға дауыс беретін кезде Telegram-бот жұмыс істемей қалғаны туралы жазған болатынбыз. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!