Баян Алагөзованың қайын атасы Тұрым Алагөзов Шымкенттегі сыра зауытына байланысты тұрғындарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Баян Мақсатқызының күйеуі кәсіпкер Тұрсен Алагөзов Шымкенттегі сыра зауытын сатып алған болатын. Тұрсен Алагөзовтің әкесі қазақстандық сазгер әрі дирижер Тұрым Алагөзов жақында осы зауытқа байланысты мәлімдеме жасады.
"Әлеуметтік желілерде, тіпті еліміздегі жаңалықтарда менің ұлым атақты Шымкент сыра зауытын сатып алды деген хабар қызу тарады. Кәсіп иесінің үлкен табысы туралы да талқыланды. Иә, бұл рас! Ол зауыттың иесі болды... бірақ қандай зауыттың? Кезінде Кеңес Одағы үшін маңызы бар қуатты зауыт аяусыз қанау, ұрлықтың салдарынан толығымен қайта құруға мұқтаж. Сонымен, қымбатты достар, менің ұлым зауытты қалпына келтіру және шымкенттіктерге жаңа жұмыс орындарын беру үшін қайтадан іске кірісті... Бірақ бұл үшін миллиондаған доллар инвестиция қажет! Сондықтан, құрметті шымкенттіктер, көмекке келгендерге денсаулық тілеп дұға етіңіздер!", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Кәсіпкер Тұрсен Алагөзов биыл маусымда бұл істі қолға алғаны туралы хабарлаған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз