Баян Алагөзованың қайын атасы Қазақстанда концерт береді

Баян Алагөзованың қайын атасы Қазақстанда концерт береді
Фото: әлеуметтік желідегі суреттерден коллаж

Баян Алагөзованың қайын атасы Тұрым Алагөзов қыркүйек айында Ақтөбе қаласында мерейтойлық концертін өткізетін болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында Тұрым Алагөзовтің концертінің афишасын жариялады. 

"Ақтөбе 14 қыркүйек ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрым Алагөзовтің мерейтойлық концерті өтеді", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, концерт "Шабыттың 80 жылы" деп аталады. 

Еске салайық, Баян Алагөзованың қайын атасы Тұрым Алагөзов жақында Шымкенттегі сыра зауытына байланысты тұрғындарға үндеу жасаған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева