Баян Алагөзова Жанар Дұғаловаға бақыт тіледі

Баян Алагөзова Жанар Дұғаловаға бақыт тіледі
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Продюсер Баян Алагөзова әнші Жанар Дұғаловаға бақыт тіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол әншімен бірге түскен фотоларын Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Онда Жанар Дұғалова ақ көйлек киіп тұр. Продюсер тойға күйеуі Тұрсын Алагөзовпен бірге барған.

"Бақытты бол, сұлу да талантты Жанарым!", - деп жазды ол.

Баян Алагөзова сонымен бірге өзі продюсерлік еткен топта өнер көрсеткен әншілердің көпшілігі тұрмысқа шыққанын, алайда олардың арасында алғаш рет Жанар Дұғалованың тойына барғанын айтты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Еске салайық, бұған дейін танымал әнші, актриса Жанар Дұғалованың ұзату тойынан видеолар тараған еді.

Ал оның алдында Жанар Дұғалова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында жақында тұрмысқа шығатынын айтқан еді. Сол кезде әншінің менеджері мұны Massaget.kz тілшісіне де растады.

Жанар Дұғалова - қазақстандық әнші, актриса, Türkvizyon 2014 байқауының жеңімпазы, KeshYou тобының экс-солисі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz