• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

“Баян Алагөзова бір серпіліс берді“. Профессор Қазақстандағы суррогат аналар қызметі жайлы айтты

“Баян Алагөзова бір серпіліс берді“. Профессор Қазақстандағы суррогат аналар қызметі жайлы айтты
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Профессор, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында Баян Алагөзованың тәжірибесінен соң суррогат аналарға деген сұраныс артқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Танымал продюсер Баян Алагөзова 50 жасында суррогат аналар қызметімен дүниеге сәби әкелді. Профессор Салтанат Байқошқарова продюсердің бұл тәжірибесінен соң суррогат аналарға сұраныс артқанын жасырмады.

"Баян Алагөзова бір серпіліс берді. Неге мені қабылдамайсыздар, мен өзім туамын деп келетін 50 жастағы әйелдер болды. Егер денсаулығы жақсы болып тұрса, бірінші рет ана болайын деп тұрса, аналық сезімді көрсін деп рұқсат беретін кездер болады. Алайда көп жағдайда денсаулығына байланысты суррогат ана қызметін пайдалануды ұсынамыз. Баян көп еңбек жасады. Елге үміт сыйлады. Баянның ерекшелігі - ол ашық жүретін адам. Қысылған жоқ. Мені төріне шығарды. Біз негізі сыртқа науқастар туралы ақпарат бермейміз. Бірақ ол өзі айтты, өзі ашылды. Сондықтан біз оған алғысымызды айтамыз. Өйткені көбісі бір рет барасың, болмаса, бітті деп ойлайды. Ал Баян күрескер. Ол не айтсаң да, келісіп, жасаңыз деп ақшасын аямады. Ол өзінің табысын болашағына жұмсады", - дейді Салтанат Байқошқарова.

Сондай-ақ профессор елімізде суррогат аналардың қызметі өте арзан тұратынын айтты.

"Суррогат аналардың қызметі елімізде арзан тұрады. Мысалы, Америкада суррогат анаға 150 мың доллар береді, ал бізде кейде 10 мың доллар тұрмайды. Бұл дұрыс емес, суррогат ана басын тәуекелге тігеді", - деді ол.

Еске салайық, Баян Мақсатқызы 50 жасында үшінші рет ана атанып, жаңа туған сәбиге Алиса деген есім берген еді. Продюсер 15 күннен кейін тағы да қуанышты жаңалығын бөлісіп, қызын Алма деп атады. Кейін Баян Алагөзова суррогат аналарға қанша төлегенін айтты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова