Баян Алагөзова америкалық рэпер "қыздарымыздың сұлулығына тәнті болғанын" айтты

Баян Алагөзова америкалық рэпер "қыздарымыздың сұлулығына тәнті болғанын" айтты
Фото: видеодан алынған кадр

Баян Алагөзова өзі продюсерлік ететін КешYou тобы мен америкалық рэпер және актер Snoop Dogg-пен бірлескен жұмысының премьерасы қашан өтетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бейнебаянның премьерасы 26 шілдеде болады! @keshyou_official @snoopdogg 🇺🇸🇰🇿 Снуптың командасы қыздарымыздың сұлулығына, олардың киімдеріне тәнті болды, ал Снуптың өзі дизайнердің кім екенін сұрады?! @nazym_arunaz бәрі өз жоспарымыз бойынша жүріп жатыр🙏❤️", - деп жазды продюсер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Бұған дейін продюсер Баян Мақсатқызы топқа қатысты үлкен тосынсый бар екенін айтқан еді. Яғни КешYou мен әлемдік жұлдыз коллаборация жасайтыны айтылды. Алайда бұған дейін бұл қандай жұлдыз екені ашық жария етілмеді. 

Кейінірек Snoop Dogg-тың өзі бар құпияны ашып, Instagram-дағы парақшасында КешYou тобымен бірге түскен видеосын жариялады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан