- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Баялды көңіл күйге...
Баялды көңіл күйге қалай әсер етеді? Дәрігер түсіндірді
Баялды жеу көңіл күйді жақсартады. Бұл туралы диетолог Елена Соломатина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Sputnik радиосына сілтеме жасап.
Диетологтың айтуынша, баялдының құрамында иммундық жүйе мен ішектің жұмысын жақсартатын, ағзаға пайдалы талшық бар. Ал ішек жасушаларының 80 пайызын иммундық жүйе қорғайды.
Ол осы себепті адамның көңіл күйі мен психологиялық жағдайы оның жағдайына байланысты екенін түсіндірді.
Сонымен қатар баялды С дәруменіне, жүрек саулығына қажетті калийге, кобальтқа, фолий қышқылына, магнийге бай.
Диетолог қоректік заттардың максималды мөлшерін алу үшін бұл көкөністі дұрыс дайындау керегін түсіндіріп, баялдыны қуырудың орнына, пісіруді немесе бұқтыруды ұсынды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә