Бай-бағландардан тәркіленген қымбат бұйымдар сатылымға шықты

Бай-бағландардан тәркіленген қымбат бұйымдар сатылымға шықты
Фото: Видео кадры

Бай-бағландардан тәркіленген қымбат әшекейлер мен қол сағаттар сатылымға шығарылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 31-арнаға сілтеме жасап. 

Лоттардың бірі гауһар тастармен көмкерілген зергерлік бұйымды сатуға арналған. Алқа, сырға және екі сақинадан тұратын топтаманың бастапқы бағасы 85 миллион теңгеге бағаланған. Алайда аукционға қатысуға ниетті адам болмағандықтан, сауда-саттық өткізілмей қалды.

Екіншісі – Ulysse Nardin Classic (Улис Нардан классик)789-80 қол сағаты. Сатылымға қойылған бұйымдардың ішіндегі ең қымбаты да – осы. Оның бастапқы құны 214 миллион теңге болған. Бағаға сағаттың шектеулі серияда өндірілгені де ықпал етсе керек. Өйткені әлемде Ulysse Nardin Classic-тің небәрі 30 данасы бар.

Келесі бұйым – De Beers брендінің сырғалары. Ақ алтыннан жасалған әшекей жалпы салмағы 6 караттық гауһармен әрленген екен. Ал бағасы 158 миллион теңгеден жоғары.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget