- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бауырыңыз ауырса, қандай...
Бауырыңыз ауырса, қандай тағамдардан бас тарту керек?
Фото:
zdravcity.ru сайтынан
Бауырға зиян өнімдер аталды. Алкоголь мен майлы тағамдар бауырға зиян тигізеді, - деп хабарлайды Lenta.ru.
"Егер бауырыңыз ауыратын болса, салмақ қосуға және қандағы қант деңгейін жоғарылатуға ықпал ететін тағамдарды алып тастап, диета ұстау ұсынылады", - делінген хабарламада.
Алкоголь, майлы және қуырылған тағамдардан басқа тәттілерден бас тарту керек, өйткені қандағы қанттың жоғарылауы бауырдағы майдың мөлшерін арттырады.
Ақ ұн да зиян: одан жасалған өнімдер қандағы қант деңгейін тұтас астық өнімдеріне қарағанда жоғарылатуы мүмкін. Бауыр проблемалары жағдайында диетадан қызыл етті де алып тастау ұсынылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Төлеш