Заңгер, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан "Адал адам" youtube-арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, экс президенттің түрлі әрекеті қазаны арнайы пайдаланған секілді.
"Болат Назарбаев қайтты. Қазақы дәстүр, мұсылман салтымен ас берді. Астана қаласына келіп берген асы саяст үлкен оқиғаға айналды. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл - дұрыс нәрсе емес. Олар қазақстандықтарға "біз бармыз" дегенді айтқысы келіп жатыр. Қазіргі таңда экс президенттің Ресей басшысымен кездесуі, сол екі ортада кітабы шығуы - бауырының қайтқанына қайғырып жатқанға ұқсамайды", - деді Мәжіліс депутаты.
Сондай-ақ, ол мұның барлығының артында бір мән бар екенін атап өтті.
"Ресейдің халықты басқару ісінде принципі жақсы дамыған. Мұның бәрі символдық мәнге ие. 16 желтоқсанда экс президенттің Ресей басшысының қабылдауына баруы бәрі де белгілі бір мәнге ие болып тұр. Мұның арты жақсылыққа апармайды", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!