Павлодарда удай мас әке үш жасар қызын ұрып өлтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Қанды оқиға Тереңкөл ауылында болған. Елді мекендегі ауруханаға денесінің соққыдан сау тамтығы қалмаған бүлдіршін жеткізілді.
Дәрігерлер барын салғанымен, бөбектің бетін бері қарата алмады. Өйткені баланың бауыры жыртылып, мойны сынып кеткен. Қаршадай қызды ұрған әкесі екені белгілі. Сот санкциясымен ол қамауға алынған. Ал бүлдіршіннің мәйітіне сараптама жасалып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек