- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бауыржан Байбек Алматы...
Бауыржан Байбек Алматы ұстаздарын Мұғалім күнімен құттықтады
Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың педагогтар құрамын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Салтанатты шараға білім саласының ардагерлері, педагогтар, оқулықтар мен әдістемелік құралдардың авторлары қатысты деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мегаполис басшысы еліміздің ірі білім орталығы Алматы қаласы ұстаздарының кәсіби білімі мен біліктілігін ерекше атап өтті.
«Мен бүгінгі кездесуге және сіздерді жеке өз атымнан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтауға мүмкіндік туғанына өте қуаныштымын. Мұғалімнің қызметі өте беделді, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткендей, мемлекет пен ұлтты құрайтындар мына, сіздер, ұстаздар. Біздің ұлттық дәстүрімізде ұстазға деген құрмет қашан да жоғары. Тек нағыз мұғалім ғана ең күрделі ғылым- адам болуға үйретеді және тәрбиелейді», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.
Әкім қалада білім беру сапасын одан әрі арттыру үшін қажетті жағдайлардың бәрі одан әрі жалғасын табатындығын айтты. Мысалы, тек соңғы үш жылдың ішінде білім саласына қала бюджетінен бөлінген қаржы 20%-ға артып, 54,5 млн.теңгені құрады. Алматыда 5 жыл ішінде 46 білім нысаны іске қосылды.
Қала басшысы Алматыдағы білім жүйесінің Қазақстанда жетекші рөлге ие екендігін айтып, мүғалімдерге алғыс білдірді. Осы ретте әкім «Үздік педагог» атты республикалық конкурстың жеңімпаздары атанған әр мұғалімге бір миллион тоғызжүз мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтарды тапсырды. Мұндай құрметті атқа Алматының төрт мұғалімі ие болды, олар: №140 мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сафура Темурбаева, №62 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Рыскелдиева, №165 арнайы лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Марина Асылбекова және Политехникалық колледждің арнайы пәндер оқытушысы Маржан Маликова.
«Мемлекет басшысы мұғалімдерге ерекше көңіл бөледі. Өздеріңіз білесіздер, қазіргі дағдарыс кезінде әлемнің көптеген елдерінде жұмыс орындары қысқарып, кіріс төмендеуде. Бірақ, Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 44%-ға өседі», - деп атап өтті Б.Байбек.
Шара барысында қала әкімі мен Алматының жетекші ұстаздары арасында білім берудің жаңа түрлері мен инновациялық әдістеме, онлайн режимде білім беру жөнінде конструктивті диалог өтті.
Дереккөз: Вaq.kz