Бауыржан Артықов лауазымынан босатылды

Бауыржан Артықов "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Бауыржан Артықов туралы не белгілі?

Ол 1973 жылы 4 тамызда сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Самсоновка ауылында туған. Әскери салада білім алған, кейін Қарулы күштер құрамында лауазымды қызметтер атқарған.

2024 жылы 5 ақпанда Мемлекет басшысының өкімімен "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!