Бауыржан Әленов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Төлегенұлы Әленов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Әленов Алматы облысының Полиция департаментінің басшысы болған.
Бауыржан Әленов 1976 жылы 8 қарашада Көкшетау облысында дүниеге келген.
Білімі – құқықтану, заң ғылымдарының магистрі. 2004 жылы «Фемида» заң институтын, 2012 жылы Қарағанды заң институтының магистратурасын тәмамдаған.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылдың мамыр айында бастады. Ол 2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан ІІМ жедел қызмет департаментінің бастығы, оған дейін Қазақстан ІІМ жетінші департаментінің бастығы болған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз