- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бауырға зиян тек...
Бауырға зиян тек қант емес. Гепатолог бауырға қауіпті өнімдерді атады
Гепатолог Алла Южнова MedikForum порталына берген сұқбатында бауырыңызды күту үшін қандай тағамдарды жемеу керегін айтты.
Маманның айтуынша, бауырды қалыпты күйде ұстау үшін диетадан ең көп өңделген және қуырылған тағамдарды, сондай-ақ қантты тағамдарды, печеньелерді, газдалған сусындарды және жеміс шырындарын алып тастау керек.
"Себебі олар бауырда жинақталған майдың мөлшерін көбейтеді. Дегенмен, бауыр функциясына зиян келтіретін тек қант емес. Тұзы жоғары тағамдар бауыр ауру қаупін арттырады. Өңделген тағамдар қандағы қантты арттырады, бұл ақыр соңында бауырда май жиналуына алып келеді. Бұл қауіпті азайту үшін құрамында қаныққан майы жоғары майлы өңделген еттен де бас тарту керек", - деді гепатолог.
Дәрігер бауырдың майлануы артық салмақпен, 2 типті қант диабетімен, жүрек ауруымен және қан айналымы проблемаларымен байланысты екенін айтты. Сонымен қатар, бауыр ауруы адамда бауыр обыры немесе бауыр жеткіліксіздігінің даму қаупін тудыруы мүмкін.
Майлы бауыр ауруының негізгі емі - дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік және қажет болған жағдайда салмақ тастау. Зерттеулер көрсеткендей, олар бауыр майын азайтады және кейбір жағдайларда оны қалпына келтіреді.
Көп жағдайда бауыр ауруы белгі бермейді. Себебі бауырда ауруды білдіретін жүйке жүйесі жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігер бауыр ауруын ескертетін белгілерді атаған болатын.
Т. Раушанұлы