- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бауырдың 90 пайызын...
"Бауырдың 90 пайызын басып қалған": Дәрігерлер науқастан алты келі қатерлі ісікті алды
Жамбыл облысында дәрігерлер науқастан салмағы алты келі қатерлі ісікті алып тастады. Операция 5 сағатқа созылған. Ісік 35 сантиметр болып өсіп кеткен. Ісік науқастың бауырының 90 пайызын басып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, Мерке ауданының 62 жастағы тұрғыны ауруханаға ауыр жағдайда түскен. Бұған дейін науқас оның іші үлкейе бастағанын, жүруі мен дем алуы қиындай бастағанын байқаған. Бәрі жамбылдық тұрғын тұмауға қарсы вакцина салдыруға келген кезде анықталған, себебі мамандар тұрғынды шұғыл тексеріске жіберген.
Нәтижесінде ауыр диагноз қойылып, шұғыл операция жасалған. Тәжірибелі мамандар заманауи құрылғылардың көмегімен қатерлі ісікті алып тастады.
"Біз ісікті алып үлгердік. Науқастың жолы болды деуге болады. Қазір метастаз жоқ. Химия қажет емес. Тек таргеттік терапия жасалады. Бұл емдеу аурудың алдын алу мақсатында жүзеге асырылады", - дейді облыстық көпсалалы онкологиялық орталықтың бөлімше меңгерушісі Ерасыл Арапов.
Еске салайық, бұған дейін дәрігер бауыр қатерлі ісігінің бастапқы сатысында білінетін 3 белгіні атаған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина