Бауыр - ағзадағы маңызды функуияларды орындайтын болғандықтан, оның зақымдануы барлық жүйенің жұмысына теріс әсер етеді. Гастроэнтеролог Милана Халиль бауыр қызметін бұзатын өнімдерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Инвитроға" сілтеме жасап.
Жоғары калориялы тағам, қанққан майлар және тазартылған көмірсуды артық мөлшерде тұтыну бауырда май жиналуына әкеп соқтырады. Бұған майлы ет, майлы сүт өнімдері, нан, тоқал және кондитерлік өнімдер жатады.
Ал егер бауыр қызметі бұзылған немесе май жиналған болса, қызанақ, ірімшік, жұмыртқа, май, ақсерке және бекіре балықтарының уылдырығын тұтынуды азайту ұсынылады. Сонымен қатар, қуырылған тағамдар, майлы ет пен балық, маринадталған көкөністер, ащы дәмдеуіштер, бұршақ дақылдары, пияз, дәмдеуіштер, кондитерлік өнімдер, шоколад, какао, жаңғақтар, балмұздақ, қызанақ шырыны және алкогольден түбегейлі бас тарту керек.
Бауыр қызметі мен саулығын жақсарту үшін көкөніс, жеміс-жидек, құрамында майы аз сүт өнімдері, майсыз балық пен ет, жарманы көбірек тұтынған жөн.
Айта кетейік, бұған дейін 30 жастан асқан соң басталады: гепатолог кімнің бауырында май жиналуы мүмкін екенін айтқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: 25 жас туған күнге арналған тілектер
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!