Бауырдың жылауығы (киста) - ірің кернеген ісік, ол органның ішінде немесе бетінде болады. Гастроэнтеролог-гепатолог Наталья Стукова бауыр жылауығы асқынса, не болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Mail.ru" сілтеме жасап.
Бауырдың жылауығы қатерсіз (цистаденома және қарапайым), паразиттік (альвеококк және эхинококк) және қатерлі (цистаденокарцинома) болып бөлінеді.
Көбінесе жылауық ультрадыбыстық зерттеу кезінде кездейсоқ анықталады. Егер жылауық кішкентай болса, ешқандай белгі болмайды, ауырмайды. Ал жылауық үлкен болса, іштің жоғарғы бөлігі ауырып, іш ісінеді.
Жылауық түрін компьютерлік томография (КТ) немесе іш қуысының магнитті-резонанстық томографиясы (МРТ) арқылы анықтауға болады. Сонымен қатар, науқасқа сцинтиграфия немесе ангиография ұсынылуы мүмкін. Дәрігер паразиттік жылауыққа күдіктенсе, ағзада эхинококктың бар-жоғын анықтау үшін қан талдауын тағайындайды.
"Егер аталған әдістер нәтиже көрсетпесе, науқасқа диагностикалық лапароскопия жасалады", - деді дәрігер.
Кішкентай қатерсіз жылауық әдетте емделмейді, оның жағдайын тек қадағалау керек. Бірақ егер бауыр қызметін бұзатын үлкен жылауық табылса, науқасқа ота жасалуы мүмкін. Сонымен қатар, қан кету, өт жолдарының қысылуы немесе олардың жарылуы, инфекция секілді асқынулар болса, ота жасалады.
Айта кетейік, бұған дейін "Ауыздан жағымсыз иіс шығу". Бауыр қызметінің бұзылғанын қайдан білуге болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Энергия алудың негізгі үш әдісі қандай?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!