- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бауыр мен асқазанға...
Бауыр мен асқазанға ең қауіпті тағам аталды
Медицина ғылымдарының кандидаты, гастроэнтеролог, гепатолог Сергей Вялов ұйқы безіне ең зиян қай ет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.
Дәрігер кез келген өнімнің пайдасы немесе зияны туралы ойлаған кезде ең алдымен, май құрамын қарастырған дұрыс екенін жеткізді.
"Көбіне мұндай ой тамақ дайындап жатқан кезде, әсіресе, қуырған кезде келеді. Бұл өте орынды. Өйткені май қаншалық көп қуырылса, соғұрлым көп тотыққан май алынады. Ол бауыр мен ұйқы безіне зиян", - деді Вялов Telegram-арнасында.
Қандай ет ағзаға зиянын тигізбейтінін білу үшін май құрамын анықтау керек.
"Бір таңғаларлығы - қой мен сиыр еті құрамындағы май бірдей, 16 пайыз болады. Ең көбі шошқа етінде. Онда 30-50 пайыз май бар. Бірақ күркетауық пен тауық еті қой етіне қарағанда майлы, оларда май 22 пайыз және 18 пайыз болады", - деді дәрігер.
Маман ағзаны қажет өнімдермен қамтамасыз ету үшін бауырға көбірек ақуыз керегін айтты.
Ж. Қадыржанова"Мұнда қой еті, сиыр еті, қоян еті алда тұрады, оларда ақуыз 25-30 пайыз болады. Тауық еті мен шошқа етінде аз, 17-20 пайыз", - дейді маман.