- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Баурлар, рахмат". Қазақстандықтар...
"Баурлар, рахмат". Қазақстандықтар қырғыз еліне қалай көмектесіп жатыр?
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдй шиеленісе түсті. Соңғы мәліметтер бойынша, қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс салдарынан 36 азамат қаза тапқан. Елдегі жағдайға байланысты қазақстандықтар қаржылай және гуманитарлық көмек жинап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, 17 қыркүйекте Қырғызстанның Баткен облысында төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.
Қырғызстандықтарға алғашқылардың бірі болып көмек қолын созған - қазақстандық блогер Арман Юсупов. Ол Instagram-парақшасында қырғызстандықтарды қолдап видео түсірген.
"Қырғызстанда сұмдық жайттар болып жатыр. Ең өкініштісі - саяси ойындардың кесірінен қарапайым адамдар қаза болып жатыр. Біз не істей аламыз? Қырғыз бауырларымызды менің парақшамдағы сілтеме арқылы өтіп қолдай аламыз", - деп жазды блогер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оның сөзінше, бұл қырғызстандық ерікті-айти мамандары жасап шыққан сайт. Сайтта қырғызстандықтарға ақшалай көмек немесе ерікті ретінде көмектесуге болады.
"Қырғыз-қазақ - бір туған", - деп жазды Юсупов.
Қазақстандық журналист Назгүл Жарбулова әлеуметтік желідегі парақшаларында қырғызстандықтарға көмек ретінде шотында ақша жинап жатыр. Журналиске оқырмандары көмектесіп жатыр. Бүгінде 16 қыркүйектен бері 8 миллион 107 мың теңге жиналған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл сомға шаққанда шамамен 1 380 451 сом.
Қазақстандықтар қырғызстандықтарға гуманитарлык көмек көрсетіп жатыр. Ақжол Жұмабаев атты TikTok қолданушысы жүктеген видеодан Қазақстаннан гуманитарлық көмек келгенін көруге болады.
@akzholkzorda Елимиз Аман болсын???? #казахстан #рек #кыргызстан #киргизия #братья #война #кыргызстан ♬ оригинальный звук - Акжол Жумабаев
Өз кезегінде қырғызстандықтар алғыс білдірген.
"Рахмат, жан баурларым", "Қазақ, қырғыз, өзбек - көршіміз, бір-бірімізге көмектеспесек ешкімге керек емеспіз", "Кандай болсок да казагым, кыргызым бир тууганбыз, баурлар рахмат, Аллах ыраазы болсун Казак элине", "Осындайда көмектеспесек елдігіміз қайда? Қырғыз бауырларға Алла тыныштық берсін", - деп жазды желідегілер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина