- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Батыстың әжесі". Атыраулық...
"Батыстың әжесі". Атыраулық әжей TikTok-тың арқасында қомақты қаржы тауып отыр
Атыраулық Хадиша Аймұхамбетқызы еліміздегі ең танымал әлеуметтік желіде қомақты қаржы тауып отыр. "Батыстың әжесі" деген лақап атпен батл ойнап, желіні шулатып отыратын ақжаулықты ана TikTok компаниясына ресми жұмысқа да орналасып алыпты. Енді зейнетақысынан бөлек қосымша жалақы алып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Батл ойнайтын "Батыстың әжесі" Атыраудағы Еркінқала ықшамауданында тұрады. TikTok-та танымал болған әйел бұл әлеуметттік желіге тіркелгеніме бір айдан астам ғана уақыт болды дейді. Аз уақыт ішінде ауқымды аудитория жинап үлгеріпті. Зейнеткерге мұны балалары үйреткен. Тез меңгеріп, қазір өзі емін-еркін кіре береді екен. Алғашында өлең оқып, бейнероликтер жүктеп жүрген, кейін тіркелушілер көбейіп, тікелей эфирге шығуға мүмкіндік алыпты.
"Бұл TikTok-тың зияны жоқ екен. Балаларға бар білгенімді айтамын, бар ақылымды айтамынғ көрермен балаларыма. Енді TikTok-ты қарайтын немерелеріміз, сосын жастар ғой. Үлкендерден көп ешікім қарамайды. Сосын ақша тауып отырмын. Оны несін жасырайын. Мұның зияны жоқ екен. Қытай өзі біледі екен, бірдеңені. Ойыншықтың да, киімнің де бәрі Қытай боп кетті ғой. ЕндіTikTok-та Қытай. Сол Қытайдан ақша тауып жатырмыз. Қазір қызыл тілімнің пайдасын көріп сайрап отырмын TikTok-та. TikTok-тан зиян көріп жаттқан жоқпын. Сол, TikTok-қа 3 қарашада ақи-тақи шығып кеттім", - дейді Хадиша Аймұхамбетқызы.
Ол TikTok-та түрлі жағымсыз пікір жазылып жататынын айтады. Үлкен кісілердің әлеуметтік желіде отыруын ерсі көретіндер бар. Дей тұрғанмен қолдау көрсететін жастар да көп дейді. Ол TikTok-қа бүкіл шаруасын тындырып алып кіреді екен. Немерелерін бағып-қағу, мектепке дайындау мен олардың ас-суы мойнында. Себебі баласы мен келіні таңнан кешке дейін жұмыста дейді.
"Керім қабылдайды. "Әже, әже, бабушка" деп. Сонау шетелден, Грузия, сол жақтың баллары бар. Келіп, айқайлап, қолдап кететін. "Әжелеріңді құрметтеңдер" деп. Өзіміздің қазақтар, обалы не керек, жақсы жастар. Мәз болады, мені көріп қалса, "О, әжемен ойнаймыз" деп. Батл ойнағанда. Сосын меннен ақыл сұрайды. Бата сұрайды. Бар білгенімді айтамын ғой. Жетпіс жыл естіген, көргенімді айтамын ғой", - дейді ол.
Бұған дейін қан қысымы көтеріліп ауыратын зейнеткер осы желіге қосылғалы денсаулығым жақсарды дейді. Өзге өңірден замандастарымен әңгімелесіп, мәре-сәре болатынын айтады. "Батыстың әжесі" қазір TikTok-та жұмыс істейді екен. Яғни батлдарын көрген Қазақстандағы TikTok-тың агенттіктері қосымша табыс табуға шақырған. Агенттіктің кеңсесіне барып, батл ойнап тұрады. Қазір TikTok-шы әжейдің әмиянына біраз қаржы түскен, бірақ айына қанша ақша табатынан ашып айтпады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан