Батыста мұнай ұңғымасынан өрт шықты
Фото:
Видео кадры
Батыста мұнай ұңғымасынан өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ембімұнайгаз" АҚ мәліметінше, төтенше жағдай 6 наурызда "Жылыоймұнайгаз" МГӨБ Батыс Прорва кен орнының 437-ұңғымасында болған.
"Перфорациядан кейін сорғы-компрессорлық құбырды түсіру кезінде газ пайда болды", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға салдарынан құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
ЕМГ жедел штабы шұғыл шаралар қабылдаған: ұңғыманың айналасы қоршалған, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оқиға орнында "Ақ Берен" ЖШС, "Семсер - Өрт сөндіруші" ЖШС, "СОП Атырау" ЖШС мобильді күзет есептері іске қосылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова