Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атмосфералық фронталь бөлімдер өтуіне байланысты Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Сонымен қатар, найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді.
"Тек еліміздің оңтүстік аймақтарында көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіліп отыр. Республикамыздың басым бөлігінде ауа температурасы баяулап көтеріле бастайды, батыс аймақтарда қатты ыстық шамалы төмендейді", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз