Қазгидромет 21, 22, 23 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері ауа райына антициклон ықпал етеді. Сондықтан түнде салқын болады. Республиканың батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығысына циклонның алдыңғы бөлігі әсер етеді. Бұл өңірлерде көбіне бұлтты болып, кей жерлерде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады. Батыста қатты жауын-шашын жаууы мүмкін.
Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта солтүстікте, шығыста тұман түседі.
Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!