Батыста екі адам жайылымда жүрген жылқыны атып алып, сатып жіберген

Ақтөбе облысында малды атып алған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шалқар ауданында полицияға шаруа қожалығының басшысы жылқысы жоғалғаны туралы арызбен жүгінген.

"Аудан орталығынан 15 шақырым қашықта жүргізілген іздестіру шаралары барысында ұрланған жылқының терісі, тұяқтары мен басы табылды. Сондай-ақ, оқиға орнында қалған іздер бойынша криминалист Нива көлігі екенін анықтады", - деп жазылған хабарламада.

Осылайша көліктің иесі анықталған.

"Ер адам екі танысымен бірге далада жылқыны атып алып, кейін оны бөлшектеп, етін белгісіз тұлғаға сатқанын айтты. Күдіктілердің бірінің тұрғылықты мекен жайы бойынша балта мен пышақ тәркіленді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!