Ақтөбе облысында малды атып алған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шалқар ауданында полицияға шаруа қожалығының басшысы жылқысы жоғалғаны туралы арызбен жүгінген.
"Аудан орталығынан 15 шақырым қашықта жүргізілген іздестіру шаралары барысында ұрланған жылқының терісі, тұяқтары мен басы табылды. Сондай-ақ, криминалист оқиға орнында қалған іздер Нива көлігіне тиесілі екенін анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Осылайша көліктің иесі анықталған.
"Ер адам екі танысымен бірге далада жылқыны атып алып, кейін оны бөлшектеп, етін белгісіз тұлғаға сатқанын айтты. Күдіктілердің бірінің тұрғылықты мекен жайы бойынша балта мен пышақ тәркіленді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова