- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Батыста әлі де...
Батыста әлі де қатты ыстық: алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото:
Massaget.kz
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Республика бойынша өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, еліміздің солтүстік жартысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады. Еліміздің оңтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.
"Еліміздің батысында күндізгі уақытта ауа температурасы +31+36 градусқа дейін көтеріледі, ал республиканың қалған аумағында температура біртіндеп төмендейді", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова